"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб Қызылорда қаласында өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қазіргі көптеген мемлекет мұнай мен көмір жағу арқылы электр қуатын өндіріп жатыр. Біздің елде де дәл солай. Дегенмен өндірілген электр қуатының мөлшері сұранысты толық өтемейді. Сондықтан әлемнің озық елдері атом энергиясын қолдану мәселесіне нүкте қойып отыр. Ғалымдардың сөзінше, электр қуатына сұраныс жыл сайын 3 пайызға артып отыр. АЭС салу арқылы біз өз қажеттіліктерімізді жабатынымызды айтады. Бүгінде көрші Ресей, Қытай, Франция мен Жапония, АҚШ елдері атом энергиясын кеңінен дамытып жатыр. Біздің елде де, міне, алғышарты жасалып жатыр», - деді пікір барысында қалалық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев.
Жалпы тұрғындарды алаңдатып отырған мәселе – АЭС-тің қауіпсіздігі. Жиын барысында штаб мүшелері әрбір сауалға тұшымды жауап берді.