Тұрғындардың ұсынысы ескеріледі

Осыдан төрт жыл бұрынғы Қазақстан хал­­қына Жолдауында Мемлекет басшысы аза­мат­тардың барлық сындарлы сауалына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асат­ын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды. Содан бері би­лік пен қоғам арасындағы байланыс механизм­дері жетіл­дірілді.

Бүгінде елімізде мемлекет пен азаматтар арасында түрлі бағытта кері байланыс арналары жұмыс іс­тейді. Түркістан облысы әкімінің орын­басары Бейсенбай Тәжібаев бекітілген кесте негізінде әкім­дік­тің «Ашық әкімдік» және «AMANAT» партиясының Түр­кістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында әр тоқсан­да бір реттен облыс халқын қабыл­дап, өз саласы бойынша өтініш-тілек­терін білдіре келген тұр­ғын­дардың мұң-мұқтажына құлақ түріп кел­еді.

Облыс орталығы Түркістан қа­ла­сында өткен «Ашық әкімдік» кеңс­есіндегі кезекті жеке қабылдау кезінде сан түрлі сұрақ пен пробле­ма ортаға салынды. Бейсенбай Дәулетұлы жетекшілік ететін сала­лар білім, денсаулық, жастар ба­ғыт­­­т­арынан бөлек жұмыссыз­дық, мүгедектігі бар азаматтардың та­лап-тілектері қаралды. 

Мәселен, Сауран ауданынан келген азамат мектеп директорын ротациялау жайын сөз етті. Жеті­сай­лық кәсіпкер жекеменшік бала­­бақша мәселесін қозғады. Оған мониторинг тобының хатта­ма­сына сәйкес кемшіліктерді жою қа­жет екені түсіндірілді. Арыс қала­сы­ның тұрғыны аурухана дәрі­гер­лерінің біліктілігіне шағым­данып, медициналық мекемені КТ аппар­аты­мен қамтуды сұрады. Айта кетейік, қазір облыс дәрігер­лері біліктілігін арттыру мақсат­ында Астана қаласында тәжірибе алма­су­да. Сонымен қатар резиден­тура бойынша білім алуға облыс жастарына 139 грант қарастыр­ылған. Ауылдық жерлерде маман тапшылығын шешу үшін білікті жас дәрігерлерді жоғары оқу ор­ындарында даярлап, елді мекен­дерге жұмыс істеуге жіберу жос­пар­лануда. Облыс бойынша 3 КТ аппараты алынып, біреуін Арыс қаласында орнату көзделіп отыр. Денсаулық саласы бойынша ша­ғым айта келген азаматқа осындай жетістіктер түсіндіріліп, барлығы да рет-ретімен түзеліп келе жатқа­ны айтылды.

Түркістан қаласынан келген аза­матшалар жекеменшік балабақ­шада 6 ай көлемінде еңбекақысыз жұмыс істеп жүргенін алға тартты. Бұл мәселе бойынша өтініш ие­лері­­нің арызы негізінде облыстық Бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан заң шеңберінде қарала­ды және аталған мекемеге тексеру жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, электронды қоларба алу, мектеп­ке жұмысқа орналасу, ау­дан­­дық Жастар орталығының жұ­мысы туралы ұсыныстар айт­ылды. Бейсенбай Тәжібаев кө­теріл­ген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде қарала­тынын жеткізді. «Жалпы, әрбір өтін­ішті заң аясында талдап, жауа­бын міндетті түрде жолдайтын бол­а­мыз. Ай сайынғы қоғамдық қабылдауымда өңір халқының мұң-­мұқтажын тыңдап, оң шеш­ілуі­н­е ықпал жасауға әркез дайын­мын», – дейді облыс әкімінің орын­басары. 

Ал «AMANAT» партиясының Түр­кістан облыстық филиалы қо­ғамдық қабылдау алаңында тұр­ғындарды қабылдаған Бейсен­бай Дәулетұлына білім, денсаулық жә­не әлеуметтік салаға қатысты өтінім қалдырғандар қатары бас­ым болды. Қабылдауға алдын ала жазылған бірқатар тұрғын денсау­лық және білім саласындағы кей­бір түйткілді мәселелердің оңды шеші­лу­іне ықпал етуін өтінді. 

Түркістандық тұрғын Д.Таш­е­кее­­­ва мектептен босатылғанын айтып, қайта жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрады. Бейсенбай Дәулетұлы Түркістан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нұрпейісовке өті­ніш иесін тұрақты жұмысқа орна­лас­тыру үшін бос орындарға конкурс жариялап, заңға сәйкес жұмысқа орналастыруды қарас­тыру бойынша тапсырма берді.

Ал Жетісай ауданының тұрғы­ны П.Биматов ауданның орталық ауруханасында 20-30 жылдан ас­там қызмет етіп келе жатқан ақ халат­ты абзал жандарға «Ерен еңбегі үшін» медалін беру туралы ұсын­ысын жеткізді. 

Облыс әкімінің орынбасары аталған ұсыныстың дұрыстығын анықтап, бұл бойынша Түркістан облыстық Денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының орынба­сары Б.Сатыбалдыға көпжылдық еңбегі бар азаматтарды марапаттау заң аясында жүргізілуі керегін айт­ты. Қабылдауда жер мәселесі де көтеріл­ді. Түркістан облыстық Жер қаты­нас­тары басқармасына жеке қабыл­даудың хаттамасы негі­з­ін­де өтініш иелерінің мәселесін қарап, айтыл­ған ұсыныстар бо­йын­ша жауапты мамандарға тап­сырма берді.

Тағы бірде өткен қабылдауда тұр­ғындар тарапынан «Жаңа қала» шағынауданында балабақша ашу туралы ұсыныс берілді. Бала күтім­іне байланысты жалақысы сақтал­майтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қа­тыс­ты түйткілдер де айтылды. Тұр­ғындардың бірі денсаулық жағ­дайы­на байланысты мүгедектік тобын қайта тағайындауды сұраса, жауап­ты басқарма ай, тоқсан сай­ын мүм­кіндігі шектеулі азамат­тар­­ға арнал­ған үйлестіру кеңесін өт­кіз­іп отырса деген тілегін жет­кіз­­ді. Жазылушы­лардың мүмкін­дігі шектеулі жан­дарға қолдауды күш­ей­ту, инклюзивті орталық ашу жөні­нде де өтініштері бар. Жұмы­с­­т­ан себепсіз шығып қалған мұғал­ім соттың шешімімен келіс­пей­тінін, тағы бір тұрғын мүгедек­тігіне қолдау шараларын жүргізуді және тұрғын үй салуға жер учас­кесін сұра­ды. Ашық форматта өт­кен бұл жолғы қабылдауға Шым­кент, Түркістан және Кентау қа­ла­сынан, Сауран, Ордабасы, Қазы­ғұрт, Сары­ағаш, Түлкібас, Бәй­­дібек аудандарынан 16 азамат келді. Облыс әкімінің орынбасары Бей­сенбай Дәулетұлы жеке қабыл­дау­да тұрғындар тарапынан кө­теріл­ген әрбір мәселе хаттамаға ен­­гіз­іліп, заң аясында тиісті жұ­мыс­­тар жүргізіле­тінін атап өтті. Сонымен қатар өтініш­тер бақыл­ауға алына­ты­нын жеткізді. Жауап­ты басшы­ларға мәселелерді зер­делеп, қысқа мер­зімде шешуді тапсырды. Қо­ғам­дық қабы­л­дау­ларда көтерілген кез кел­ген мәселе назарға алынып, бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуі уақыт талап етеді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы