Полиция қараусыз ғимараттан мәйіті табылған оқушы қызға қатысты мәлімдеме жасады

Астана қаласы Полиция департаменті өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

Астана қаласының Полиция департаменті қараусыз қалған ғимараттан өлі күйінде табылған оқушы қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана қаласы Полиция департаменті өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

"10 қыркүйекте полиция басқармасының кезекші бөліміне қараусыз қалған ғимараттан кәмелетке толмаған қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды. Оқиға орнында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, алдын ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі - жүректің тоқтауы. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты және объективті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу ПД басшылығының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.