Өнер иесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш рет отбасы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Жағдайдың бәріне позитивпен қарауға тырысамын. Сахнадан кеткеннен кейін біраз уақыт қиналғаным рас. Бірақ ауруханаға баратындай жағдай болмады. 2009 жылы өнерді ғана ойлап өткіздім. 2014 жылы жолдасыммен арамыз дұрыс болмай, ажырасып кеттік. Алматыда жалғыз тұра бердім. Бірақ қатты қиын екен. Ол кезде шешем тірі еді. Сол кісінің жанында боламын деп шешім қабылдап, ауылға тартып кеттім. Үш жылдай жанында болдым. Анам да өмірден өтіп кетті”, – деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, бірінші отбасымен араласпайтын көрінеді.
“Аллаға шүкір, 2020 жылы екінші рет шаңырақ көтердім. Екі қыздың әкесімін. Бірінші некемнен екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұлым – 20-да. Оның жасында мен балалы болғанмын. Аналары екінші рет тұрмыс құрып кетті. Қазір ол кісімен амандасуға да құқығым жоқ. Бұрынғы әйеліме алимент төлемеймін. Ол жақты мақтағым да, даттағым да келмейді. Жағдайыма қарай беріп тұрамын. Олардың жағдайы дәл қазір менен де жақсы. Олар менің 5-10 тиыныма қарап қалған жоқ. Мені түсінеді. Бұрынғы әйеліммен араласпаймын. Ол қазір біреудің әйелі. Бақытты болсын!”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.