«Ән айтқым келмей қалды...»: Ерке Есмахан оқырманды ойландырып қойды

Әнші кейінгі кезде шығармашылыққа көңіл бөлмей жүргенін айтты.

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, - деп жазды Aikyn.kz.

Желі қолданушыларының бірі оған «Райм ертеңгі, бүгінгі концерттерде өнер көрсетпей ме? Сіз ше?» деп сұрақ қойған.

Әнші кейінгі кезде шығармашылыққа көңіл бөлмей жүргенін айтты. 

«Райм өнер көрсетеді. Мен қолдаймын. Неге ән айтқым келмей қалғанын түсінбеймін. Талғамым өзгеріп кетті. Қайтып орнына келер деген үміттемін. Раймның алдағы үлкен концертіне келіңіздер. 3 қараша, Алматы Арена. Мен міндетті түрде ән саламын сол кеште», - дейді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.