Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бұл препарат Африкада маймыл шешегінің таралуын тежеуге көмектесетін дәрілердің ресми тізіміне енді", – деп жазды ұйым.
"Шешекке қарсы алғашқы вакцина осы аурумен күрестегі маңызды қадам болып саналады", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус.
Данияда жасалған вакцинаны бір ай арақашықтығымен екі рет ексе, тиімділігі 82% болады деп бағаланып отыр.