Баян Алагөзованың қалай ана атанғаны белгілі болды

Жақында продюсердің екі сәбиі өмірге келген болатын.

Продюсер, актриса Баян Алагөзова қалай ана атанғаны белгілі болды, - деп жазды Aikyn.kz.

Жақында продюсердің екі сәбиі өмірге келген болатын. Күні кеше үлкен қызын қырқынан шығарған продюсер қуанышына жақындарынан бөлек, елімізге белгілі репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарованы құрметті қонақ ретінде шақырған. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек анасының ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру) арқылы сәбилі болғанын жасырмады.

"Міне, Салтанат Берденқызы. Ол бүгін төрде отыр. Өйткені осы кісінің арқасында бізде қазір Алиса мен Алма бар. Ол анам мен Тұрсын ағаның арманын жүзеге асыруға көмектесті. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер", - деп жазды Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.