«Валетті ұстаймын» деп басы дауға қалған әкім кабинетінде карта ойнағаны үшін жазаланады
«Валетті ұстаймын» деп басы дауға қалған әкім кабинетінде карта ойнағаны үшін жазаланады
Фото: Интернеттен алынды
554
оқылды
Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. Дереккөздің хабарлауынша, атқамінерлер Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің кабинетінде карта ойнаған.
Ойын ойнағаны дәлелденген әкімнің тәртібі облыстық тәртіптік кеңесте қаралды. Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған қайта сенім білдірмеген.
«Валетті ұстаймын» деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.