Алматыдағы екі оқушының өлімі: Білім басқармасы мәлімдеме жасады

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желіде 16 қыркүйекте Алматыда екі қыз терезеден құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады. Осы жағдайға қатысты Білім басқармасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.                                                   

"Бүгін Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық Білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, комиссия құрылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.