Астанада кезекте тұрған азаматтардан «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жуырда басталады,– деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Өтініштер birge.astana.kz. порталында қабылданады.
- «Көпбалалы отбасылар» санатындағы халыққа – 223 пәтер (оның ішінде 69 пәтер өткен кезеңнің көлемі).
- «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған – 154 пәтер.
- «Халықтың әлеуметтік осал топтары» басқа санаттарына арналған – 458 пәтер таратылады.
Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Нысандар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында орналасқан.
Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.
Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.
Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан білуге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.