Кездесу спикерлері ретінде Серік Бектұрғанов, Жанар Қуайшинова және Игорь Белобржицкий АЭС салудағы аймақ үшін болашақ жоспарларды айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Диалог алаңы өте қызу және белсенді өтті. Кәсіпкерлер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесуге 30 адам қатысты, олардың әрқайсысы еліміздің энергетикасының болашағы туралы пікірталасқа өз үлесін қосты.
«Мемлекет басшысы халықтың пікірін ескере отырып, маңызды шешімдерді қабылдайды. Жолдауында да осыған ерекше тоқталды, елімізде АЭС салу мәселесі тек қоғаммен кеңесе отырып, 6 қазанда өтетін референдум арқылы шешілуі тиіс. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ», – деді Серік Бектұрғанов.