Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты бүкіл құрлыққа тараған пандемия деп атады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты бүкіл құрлыққа тараған пандемия деп атады
Фото: Интернеттен алынды
226
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирустың өршуі пандемия деңгейіне жеткенін жариялады, – деп жазады ВВС-ге сілтеме жасаған «Қазақпарат». Себебі, вирус бүкіл құрлыққа тараған. «Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды», – деп мәлімдеді ұйым. ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Covid-19 таралуының жаңа классификациясы жаңа коронавируспен қалай күресу керектігі туралы ұсыныстарға өзгеріс енгізбейді. «Жағдайды пандемия деп жариялау ДДСҰ-ның аталмыш коронавирустан келетін қауіптің бағалауын еш өзгертпейді. Бұл, ДДСҰ жасап жатқан шараларға және елдер жасауы тиіс шараларға әсер етпеуі тиіс» делінген ресми ақпаратта. Тедрос Адханом Гебрейесус ел үкіметтерін «шұғыл әрі агрессивті шаралар» қабылдауға үндеді. Ал ДДСҰ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында келтірілген ұйым басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы күндері вирустың өршуі күтіліп отыр. «Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. ДДҰ бұл індетке тәулік бойы бағалау жүргізуде және біз оның таралу жылдамдығына , ауырлығына, сондай-ақ шарасыз отырудың қауіпті деңгейіне алаңдаушылық білдіреміз. Сондықтан, COVID-19-да пандемия деп сипаттауға болады деп топшыладық», – деді Т. Гебрейесус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясына сәйкес, эпидемия – аурудың бір өңірде кенеттен тарауы. Ал пандемия – аурудың әлем бойынша белең алуы. 11 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирусты 118 елде 118 140 адам жұқтырды, 4293 адам көз жұмды.