Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары 23 адамды өрттен құтқарып, эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды қаласының 2-квартал ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда қоқыс, жиһаз және үй заттары өртенген.
– ТЖМ күштері құтқару қалпағының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді, – делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.