Instagram кәмелет жасқа толмаған жас қолданушылар үшін жаңа ереже енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Енді балалардың парақшасы автоматты түрде жасырын статусқа ауысып, деректер құпиялылығы сақталады. Сондай-ақ платформадағы контент түрлеріне шектеу қойылады.
Әлеуметтік желіде миллиондаған жас қолданушы тіркелген. Шектеу толық іске қосылғаннан кейін, 16-17 жастағы жасөспірімдер қолданбаны қалауынша өзгерте алады. Бірақ 13-14 жастағылар үшін ата-анасының рұқсаты қажет.
Компания мұндай өзгерісті платформада кәмелетке толмағандарға қарсы қауіптің алдын алу мақсатында жүзеге асырған.