«Тұрғындар қорқып отыр ма, білмеймін» – Риддерде 70 көпқабатты үй құлайын деп тұр
«Тұрғындар қорқып отыр ма, білмеймін» – Риддерде 70 көпқабатты үй құлайын деп тұр
Фото: Интернеттен алынды
144
оқылды
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында 70 көпқабатты үй құлаудың алдында тұр, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ «мүлде тұруға жарамсыз» деп танылса да, халық паналап отыр. Көбісі зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасылар. Олардың тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатысып, жамап-жасқауға қалтасы көтермейді. Қала әкімдігі бұл проблеманы жақсы біледі. «Бірақ ескі үйдегі тұрғындарды басқа жаққа көшіріп пәтермен қамтуға уақыт керек» деп отыр. Құлағалы тұрған ескі үйлердің көбі қаланың орталық шағын ауданында. Сондықтан бұзып тастаудың да өзіндік қиындықтары бар. Үйлердің бәрі Риддер қаласы құрылғанға дейін салынған. Барлығы да ағаштан құрастырылғандықтан, қазір қабырғасы қақырап, іргесі сөгіліп тұр. Тіпті кейбір үйлерге тұруға қауіпті деп танылғанына 30-40 жыл болса да адамдар тұрып жатыр. Ал қалада олардың бәрін басқа жаққа көшіруге мүмкіндік жоқ. Бірақ бірақ бәрін пәтермен қамтуға мүмкіндік жоқ.
Ал Риддер қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Қуат Мұхаммедшынов: «Қазір мысалы үшін бос тұрған үйлер болса, пәтерлер болса адамдарға беруші едік. Жөндеу мәселесі мен түрлі мемлекеттік бағдарламаларды ұсынамыз. Бірақ тұрғындар қатысқанға қорқып отыр ма, білмеймін. Ойланып жүр», – деді.
Қазіргі уақытта Риддерде 1500 адам баспана кезегінде тұр. Ал қалада соңғы бес жылда көпқабатты екі үй ғана салынған. Бұл екі баспанадан пәтерлер әуелі бұрыннан үй кезегінде тұрғандарға, одан соң арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша жолдамамен көшіп келгендреге берілген. Биыл тағы төрт үйдің жобалық құжаты жасалып жатыр. Нақты қашан салынатыны қаржыға байланысты. Сондықтан ескі үйлердегі тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ.