Танымал эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева артық салмағы бар адамдарды ұната қоймайтынын жасырмады, – деп жазады Aikyn.kz.
Бұл жайында өнер иесі "Иірім" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады. Өнер иесі алдымен осындай пікірі үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
"Өтірік айтқанды ұнатпаймын. Кейбір әріптестеріммен, тіпті амандасуға тартынамын. Содан кейін жағымпаздарды жек көремін. Жағымпаздарды, екіжүзділікті, құбылып кететін адамдарды жек көремін. Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды да жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын, өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Иә, түсінемін, денсаулыққа да байланысты", – деді әнші.
Меруерт Түсіпбаева жауапкершілігі жоқ жандарды өлікке теңеді.
"Мен оны тірі адам деп есептемеймін. Егер бір адам сенімімнен шықса, мен ол кісіні сыйламаймын, амандаспауым да мүмкін, болмаса көрген жерде бетінен аламын. Өйткені жауапкершілік мен үшін өте маңызды", – деп түйіндеді ол.