Аяқ-қолды аман сақтап қалатын медициналық аппаратты сыйға тартты

«Самұрық-Қазына» қоры Н.Бәтпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына құны 400 млн теңгеге жуық ең озық 7 түрлі құрал-жабдық табыстады.

«Самұрық-Қазына» қоры Н.Бәтпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына құны 400 млн теңгеге жуықтайтын ең озық 7 түрлі құрал-жабдық табыстады. Жоғары технологиялық қондырғылардың ішінде германиялық TIVATO 700 мультидисциплинарлық операциялық микроскопын ерекше атап өткен жөн.

Күрделі оталардың барлық түрінде қолданылатын, оның көмегімен білікті дәрігер мамандар аса дәлдікпен тамырлар мен жүйкеге микроскопиялық тігістерді тігеді. Бұл өз кезегінде ауыр жарақат кезінде аяқ-қолды сақтау және жұмсақ тіндердің терең ақауларын емдеу үшін қажет. Тісті микроскоп болмаған жағдайда қиын ахуалға ұшыраған науқас мүгедектік кебін киіп, аяқ-қолынан айырылуы ықтимал.

Жалпы, ендігі сәтте сатып алынған жабдықтар сүйек-бұлшық ет жүйесі жарақаттары мен аурулары салдарынан болуы мүмкін асқынулар мен мүгедектіктің санын азайтып, 8 мыңнан астам жанға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына, балаларға, Қазақстанның барлық аймағынан келетін қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін медициналық жәрдем сапасын жоғарылатпақ.

Отандық медицинаның дамуы мен хирургия саласында инновациялық тәсілдерді енгізудегі маңызды қадам Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы  Samruk-Kazyna Trust қоры арқылы қаржыландырылды.