Күдікті құрылыс компаниясы тұрғындардан әлі ақша жинап жатыр: полиция үндеу жасады

Ayana Plaza тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы пәтер сату сылтауымен азаматтардың қаражатын заңсыз алуды жалғастырып жатыр.

Алаяқтыққа күдікті құрылысшы азаматтардан заңсыз ақша жинауды әлі де жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

 Ayana Plaza  тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы пәтер сату сылтауымен азаматтардың қаражатын заңсыз алуды жалғастырып жатыр.

Елорда полициясы  Ayana Plaza  тұрғын үй кешені құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп  Kaztelematica  ЖШС,  Kaztelematica group  ЖШС және Building Company ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта полицияға 110 жәбірленуші арызданған, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды.

«Алданған үлескерлердің жаңа толқынының пайда болуына жол бермеу үшін жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салмауды ұсынамыз. Аталған компания  басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы Полиция департаментіне Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша жүгінуіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.