Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан құрамасы Испаниямен өткен тең ойыннан соң, Ливия құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп - 4:1.
Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті.
Осылайша, Қазақстан командасы 4 ұпаймен D тобында аралық бірінші орында келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.