Толық адамдарды жек көремін. Жауапкершілігі жоқ адам мен үшін өлікпен тең – Меруерт Түсіпбаева

Ол артық салмағы бар және жауапкершілігі жоқ адамдарды ұнатпайтынын жасырмады.

Әнші Меруерт Түсіпбаева «Иірім» бағдарламасында журналист Гүлмира Әбіқайға сұхбат беріп, өмірлік ұстанымы, отбасы, өнер жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ол артық салмағы бар және жауапкершілігі жоқ адамдарды ұнатпайтынын жасырмады. 

«Жағымпаздарды жек көремін. Саған былай, анаған басқаша сөйлейтін адамдар болады ғой. Қазір тағы бірнәрсе айтсам, маған ашуланатын шығар. Толық адамдарды жек көремін. Кешірім сұраймын сіздерден... Бәлкім денсаулықтары жоқ шығар. Кешіріңіздер, бірақ қалай болғанда да, ол әйел болсын, еркек болсын өзінің салмағына кішкене қарау керек деп ойлаймын. Түсінемін, 50-ден асқаннан кейін барлық әйелде физиологиялық өзгерістер болады. Өзімнен өзгерістер байқап жатырмын. Салмақ құбылып тұрады... Содан кейін мен жауапкершілігі жоқ адамдарды жек көремін. Мен үшін жауапкершілігі жоқ адам өлікпен тең. Мен оны тірі адам деп есептемеймін. Егер мені бір рет жолда қалдырса, болды, ол адамды сыйламаймын... Тағы да мені ер-азаматтар кешірсінші, мен өмірде орнын таппаған ер адамдарды жек көремін. Өмірде орнын таппаған ер азамат мен үшін екінші орында тұрады. Ол құрылысшы болса да, сантехник болса да, өз орнын тауып, Абай атамыз айтқандай, есектің артын жуса да мал табуы керек. Малтабар еркектерді жақсы көрем, сондай адамдарды сыйлаймын... Диванда жатып алып, ақша таппай, әйелдерді сынайтын еркектерді жек көремін, сонымен қатар, зорлықшыларды, агрессорларды жек көремін. ... Өткір пікірім үшін бес жыл бойы алаңға шықпадым. Бірақ өкінбеймін. Көп ортада жүремін, сонда көбінің маған деген ықыласын сеземін», - деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.