Mycar.kz арқылы жаңа автокөлікті онлайн сатып алу мүмкіндігі пайда болды

Енді көлікті 25 минуттың ішінде онлайн сатып алуға болады.

Аталмыш маркетплейс Mycar.kz мобильді қосымшасында жұмыс істейді. Автокөлікті тек онлайн таңдап қана қоймай, сол жерден сатып алып, құжаттарын рәсімдеуге болады.

 

Маркетплейс қалай жұмыс істейді? 

Mycar.kz түрлі тауар, азық-түлік пен қызмет сататын онлайн-платформаларға ұқсайды. Тек онда автокөліктердің кең топтамасы ұсынылған. Қазіргі таңда платформаға Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval мен Tank сынды брендтерді ұсынатын 25 дилерлік орталық қосылған. 

Осымен  Mycar.kz автокөлік сатып алудағы жаңа клиенттік тәжірибе қалыптастырып отыр. Маркетплейс автокөлікті, оның комплектациясы мен түсін таңдау, оның дилерлік орталықта бар-жоғын тексеру, мобильді қосымша арқылы сатып алу құжаттарын рәсімдеу, онлайн төлеу мен көлікті үйге жеткізіп беру сынды артықшылықтарға ие.

Қосымша артықшылықтарының бірі 8 банктің кредиттік ұсынысын бір жерден алуға мүмкіндік беретін Mycredit қызметі болып отыр. Клиент анкетаның бірнеше ұяшығын толтырғаннан кейін, оның өтінімі бірден 8 серіктес банкке жіберіліп, 30 минуттың ішінде клиент өзіндік шарттары бар бірнеше ұсыныс алады да, оның ішінен өзіне қолайлысын таңдайды. 

 *Автокөлік сатып алу процесі оңтайландырылды 

Mycar.kz мамандарының есебінше, маркетплейс автокөлік сатып алудағы құжат рәсімдеу уақытын 390 минуттан 25 минутқа дейін қысқартқан.

Ол «Астана Моторс» пен Mycar.kz кәсіпқойларының қолдауы арқасында мүмкін болды 

 

Автокөлікті онлайн сатып алу сервисі қазір қазақстандықтар үшін қолжетімді

Маркетплейстің алғашқы клиенттерінің бірі – алматылық Әли Төлебек.

«Бұған дейін менің көлігім болған, бірақ екінші ұлым туғаннан кейін кеңірек көлік алғым келді. Бір күні мен Mycar веб-сайтына кіріп, жаңа көлікті дилерден тікелей онлайн сатып алуға мүмкіндік бар екенін көрдім. Мен өзіме қолжетімді көлікті таңдадым, автокөлікті несиеге алуға бір өтініш бердім және 30 минут ішінде бірден 8 банктен жауап алдым. Маған автокөлікті несиелендірудің ең тиімді шарттарын таңдап, үйден шықпай-ақ өтініш берудің барлық процесін өтуге болатыны ұнады», – дейді Әли.

Ол көлікті тек автоорталықтан алу керек екенін және қосымша арқылы сатып алудың ыңғайлы әрі жылдам болғанын атап өтті.

«Менің шешіміме бірнеше фактор әсер етті: автокөлікті несиеге алу, өзімнің жүгірмейтінім, автосалонда көліктің болуы және оның техникалық сипаттамалары. Mycar арқылы сатып алғанда құжаттарды толтыру үшін ешқайда барудың қажеті жоқ еді. Маған көлікті алып кету ғана қалды. Осымен процесс аяқталды», – деп түйіндеді Әли.

Маркетплейс 2024 жылдың шілдесінде іске қосылды. Ал бүгінгі күнге дейін осы қызметті 365 қазақстандық пайдаланып үлгерген.  Mycar.kz компаниясы Қазақстан бойынша басқа да дилерлік орталықтарды платформаға қосуды жоспарлап отыр. 2024 жылдың соңына қарай онлайн-сервис 155 серіктес автоорталықты қамтымақ. Бұл пайдаланушыларға автокөліктердің одан да үлкен таңдауына ие болуға және сатып алу процесін барынша ыңғайлы әрі жылдам етуге мүмкіндік береді.

Mycar.kz тұтынушыларға автокөлікті ыңғайлы сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін ұсына отырып, Қазақстанның автомобиль нарығын дамытуды жалғастыруда.