АЭС жобасы – экологиялық тұрғыда қауіпсіз

Кездесуде АЭС құрылысы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі екені, еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатыны туралы айтылды.

Атом электр стансасы – электр энергиясын өндіру көзі. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі – мемлекет экономикасының тұрақты дамуының және тұрғындардың сапалы өмірінің кепілі. Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін энергетиктер бірнеше жылдан бері талқылап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде Халықтық штаб өкілдері өңір-өңірлерде атом энергетикасын дамыту мен атом электр стансасын салу жайында кездесулер ұйымдастыруда. Мақсаты – АЭС туралы жан-жақты ақпарат беру, тұрғындардың пікірін есту, олардың көкейкесті сауалдарына жауап қайтару. 

Кеше «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері: Ерсін Сариев, Серік Жетібаев, Дәурен Ахметжаев, Андрей Савченко, Анар Досымабаева және Жанат Бастаубаева тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді. Штаб мүшелері әуелі облыстық наркологиялық диспансерінің ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні халыққа арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының әрбір бағыты кеңінен талқылап, 6 қазан күні өтетін атом электр станциясы салу жөніндегі референдумның маңызы кеңінен айтылды.

 – Жалпы, біз қазіргі таңда  біліктілік заманында өмір сүріп жатырмыз. Оның ішінде, ғылыми-техникалық, инженерлік біліктілік. Бұл күнде бізге осы жағын дамыту керек. Сол себепті, өзіміздің индустриямыздың да болуы аса маңызды. Өзге жұрттың кәсіби мамандарымен бәсекелестікке түсе алатын мамандар болуы тиіс. Сондықтан, атом электр стансасы отандық ғылымның дамуына зор үлес қосады деп есептеймін, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Бұдан кейін, Тараз қаласындағы №5 аумақ тұрғындарымен кездесуде штаб мүшелері осынау жауапты да күрделі мәселеге қатысты өз ойларын ортаға салды. Үгіт-насихат жұмысы барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілетіні сөз болды. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

– Қандай болса да тың бастамаларды бастамас бұрын сарапшылардың пайымды пікірлерін басшылыққа алатынымыз ақиқат. Мемлекет басшысы АЭС салу туралы бастама көтерерде сарапшылардың ойын назарға алып, шешімді халықтың өзіне тапсырып отыр. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, экономикамыздың тұрақты  дамуы үшін генерация саны өсуі керек. Жоспар бойынша Қазақстанның 2030 жылға дейінгі генерациясын екі есе ұлғайту мәселесі тұр. Сол бойынша бірқатар жұмыс істеліп жатыр. Оған газ қондырғыларын салу, ЖЭО-ларды жаңарту кіреді. Оның ішінде, АЭС салу да бар. Экономикада АЭС ең арзан және қоршаған ортаға зияны аз технология, – деді Дәурен Ахметжаев. 

Сондай-ақ, бұл күні штаб мүшелері «Қазфосфат» серіктестігі және Тараз қалалық №7 емхананың қызметкерлерімен жүздесті. Іс-шара барысында атом электр станцияларының қажеттілігі қарапайым тілмен түсіндірілген олар АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты. Штаб мүшелері өз сөздерінде атом электр станцияларының қоршаған ортаға зияны жоқ екенін, керісінше, бұл жобаның экологиялық тұрғыда қауіпсіз екенін баса айтты. Ал, «Сенім» бастауыш партия ұйымының өкілдері және «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері қатысқан жиында сайлаушылардың да ой-пікірі ескеріліп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді. Басқосу соңында елдің экономикасы мен әлеуетін көтерудегі маңызды шешімді қабылдауға бір кісідей атсалысу жөнінде нақты айтылды.

 

Еңбек ұжымына АЭС-тің маңызын түсіндірді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабының ауыл тұрғындары, түрлі сала өкілдері және еңбек ұжымдарымен жоспарлы кездесулері жалғасып жатыр. Бүгін аудандық Халықтық штаб төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Нұркен Ботабаев пен Роза Асанова Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде АЭС құрылысы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі екендігі, еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығы туралы айтылды.

«Жыл сaйын элeктр қуaтын пaйдaлaну күннeн күнгe aртып кeлeді. Бұл көрсеткіш алдағы он жылда энергия тапшылығына алып келуі мүмкін. Осы бағыттағы мәселелерді шешу үшін қазірден бастап белгілі қадамдар жaсауымыз қажет. Сoндықтaн, oсы сaлaдaғы ғaлымдap, сарапшылар мен мамандар елімізде атом электр станциясын сaлудың қaжеттігін aйтып oтыp. Атом электр станциясын салу зaмaнның тaлабы. Aлпaуыт eлдep энeргияны осы дүниеден aлып, қoлдaнып oтыр. Oл біздің eлгe дe кeрeк», – дeді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

АЭС-тің бой көтеруі нәтижесінде болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. Бұл жайында кездесуге қатысқан штабтың басқа да мүшелері айтып өтті.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, болашақ үшін қажет деген пікір білдірді.