“Рэкетир” фильміндегі белгілі актер қатерлі ісікке шалдықты

Оның қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлады.

Белгілі актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдықты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оның қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлады. Саяттың өзі сол фильмде Саянның рөлін сомдаған.

"Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы түскен жоқ", – дейді Саят Исембаев.

"Рэкетир" - 2000 жылдардың басында көп қаралған фильм. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірі туралы баяндайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.