Самал Еслямова басты рөлде ойнайтын «Батырлар» тарихи фильмі көрерменге жол тартты
Самал Еслямова басты рөлде ойнайтын «Батырлар» тарихи фильмі көрерменге жол тартты
Фото: Интернеттен алынды
Қазақ батырларының ерлігін насихаттайтын «Батырлар» фильмі көпшілікке көрсетілді, – деп хабарлайды «Хабар 24». Тарихи кино Тұңғыш Президент қорының қолдауымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Тарихи көркем фильмнің режиссері – Асқар Ұзабаев. Фильмде басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Назар Шерхан, Мұрат Бисенбин, Самал Еслямова сынды аса тәжірибелі актерлер сомдайды. Фильмге батырлардың еңбегі арқау болған.
Кино жайында Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов: «Мұндай фильмдер бізде жоқтың қасы деуге болады. Саусақпен санарлық қазір. Біздің тарихымызда болған батырлардың есімі жаңғырып жатыр. «Біз кімбіз?» деген сұрақтарға жауап береді. Берері мол фильм», – деді.
Фильмде оқиға XVII ғасырдың басында қазақ билері мен сұлтандары өзара тартысып жатқан кезеңнен басталады. Ел басқарар бір адамның болмауы мен халықтың әлсіздігінен қазақ жеріне қалмақтар мен ойраттар тарапынан шабуыл көбейеді. Осы қиын-қыстау кезеңдегі батырлардың батылдығы мен ерлігі елдің рухын оятады. Фильмді кинотеатрлардан тамашалауға болады.