Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің студиясында қайтыс болған

Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сұхбат берген Индира Елеместің өзі айтып берген.

2023 жылы 24 қаңтарда көз жұмған Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің Алматыдағы студиясында қайтыс болғаны белгілі болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сұхбат берген Индира Елеместің өзі айтып берген.

Айта кетерлігі, телебағдарлама журналистері танымал композитор өлер алдында бірнеше ай бойы жертөледегі осы студияда өмір сүрген дейді.

«Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалған. Қатты қиналған жоқ, ауырып, жатып қалып, кеткен жоқ өмірден. Балалар «су ішті» дейді. «Аға, қалыңыз қалай, бәрі жақсы ма?» деп сұрағанда, бәрі жақсы деп жатқан. Сол қалпы оянбай, жүріп кеткен», – дейді Индира Елемес.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.