Әнші Мейрамбек Бесбаев жақында тағы әке атанады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы өнер иесінің жұбайы Мархабат Бесбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», - деп жазды Мархабат Бесбаева.
Желі қолданушылары қолдау білдіріп, ақ тілегін жарыса жазған.
«Қуаныштарың ұзағынан сүйіндірсін», «Аллам отбасыңызға амандық берсін. Ағамыз сияқты халықтың баласы болсын», «Мейрамбек ағаға берген бата, көкпарда көптің тілеуі қабыл болыпты ғой», деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Дизайнер Интерьера | Алматы (@marhabat.besbaeva)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.