"Қазгидромет" синоптиктері 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.
Республика бойынша жел екпіні күшейеді. Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ барлық дерлік өңірде әлі де төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.