ҚР ҚМА қызметкерлері көлік прокуратурасының үйлестірумен, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұсталған автокөліктің жүк қоймасында жолқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі қораптары болған.
– 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.