Әлеуметтік желіде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сарбаздардың өлімі көбейгенін айтып, үстелді ұрып, генералдарға ұрысқан видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Біз кімге айналып барамыз? Қоғам бізден нені талап етеді? Ең алдымен, жас жігіттердің амандығы керек», – деді министр.
Үстелді алақанымен ұрып, жиынға жиналғандарға ұрысқан Жақсылықов «командирлер қоластындағыларға қамқор болып, сарбаздарды үйінен тірі қайтаруға міндетті» деді.
Ол Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа ескерту жасап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақовты лауазымынан алу туралы өтініш беретінін айтты.
Еске салайық, бүгін Қорғаныс министрлігіне қарайтын Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен офицер көз жұмды.
Елімізде 4 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.