Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігі орталығы Жаңа Жердің үстінде орналасқан циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты батыста және оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
22 қыркүйектен бастап елдің батысына Скандинавия аудандарынан антициклон сілемі тарала бастайды. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және елдің орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.
Күндіз республиканың батысында ауа температурасының +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстігінде +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.