Астанада Республика даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірдің бір санын қағазбен жауып қойған Chrysler көлігін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер бұл жағдайда тез әрекет етіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
"Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – делінген полиция хабарламасында.