Танымал актерлер, отандық эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері Астанадағы Керей мен Жәнібек хандар ескерткішінің жанындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Елордада 21 қыркүйекте «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (WorldCleanup Day) аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр.
Экоакцияға Асылхан Төлепов, Ерлан Малаев, Бақыт Қажыбаев, Әділ Ахметов, Самал Еслямова және т.б. танымал қазақстандық жұлдыздар қатысты.
«Сенбіліктің маңызы өте зор. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театры сенбілікке үнемі шығады. Қаланың тазалығы бізге байланысты, сондықтан сенбілік әрқашан қажет», – деп атап өтті Асылхан Төлепов.
«Бүгін біз Астанада сенбілікке жиналдық. Түрлі қалалардан, елдерден келген елорда қонақтары қаламыздың тазалығына әрқашан тәнті болады. Сондықтан біз өнер адамдары қаланың тазалығына үлес қосу үшін бүгінгі сенбілікке қатысып отырмыз. Біз осындай акцияларға жиі қатысуға тырысамыз», – деді Ерлан Малаев.
Айта кетейік, қаланы тазарту акциясы табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.