Өскемен қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі (сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды, - деп жазады Aikyn.kz.
Іс материалдарынан анықталғаны, Қарағанды облысы аудандық сотының 2019 жылғы 16 шілдедегі сот бұйрығына сәйкес, азамат Е. бұрынғы жұбайы Е.-нің пайдасына 2023 жылы кәмелетке толмаған баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайын табысының барлық түрінен төрттен бір мөлшерінде алимент өндірілді.
Сот бұйрығы орындалмай отыр, алимент бойынша берешек 3 116 729 теңгені құрады.
Құқықбұзушылық жасаған кінәсі сот бұйрығының көшірмесімен, жеке сот орындаушының атқарушылық іс жүргізуімен, азамат Е.-нің берген түсініктемесімен дәлелін тапты.
Сот отырысында азамат Е. кінәсін мойындады.
Сот бұйрығы ұзақ уақыт бойы орындалмауын назарға алып, сот 2 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.