ҚР Бас прокуратурасы 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен.
– Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.
Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосібір қаласында ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні Отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.