АЭС энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады – ардагер

Тұрғындармен кездесуде атом электр стансасының құрылысы және алдағы референдумға қатысты мәселелер талқыланды.

Бүгін Шемонаиха аудандық Халықтық штабының төрағасы Мұрат Желдібаев пен «AMANAT» партиясының ардагері Владимир Акулов Камышинка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Тұрғындармен кездесуде атом электр стансасының құрылысы, алдағы референдумға қатысты мәселелер талқыланды.

"Қазақстанда АЭС салу басқа мемлекеттерге деген саяси тәуелділікті азайтып, энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Жоба Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтын және оған өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін сенімді, тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл стратегиялық маңызға ие", – деді Владимир Акулов. 

Егер елімізде АЭС салынса, ол жаңа технологиялар арқылы барынша зерттеліп, қауіпсіздігі жіті қадағаланады. АЭС құрылысын және оның сапалы жүргізілуін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік «МАГАТЭ» қадағалайды. 

«Сыртқы тәуекелдерді азайту әрі жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық әріптестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу көзделген. Қазір әрбір адамның дауысы үлкен маңызға ие. Біз ел болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек», – деп атап өтті Мұрат Желдібаев.