Президенттің өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", – делінген құжатта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.