Ермек Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

2023-2024 жылдары Туризм және спорт министрі болды.

Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Ермек Маржықпаев 1969 жылы қазіргі Астана қаласында дүниеге келген.

Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.