Астананың айналма жолы 3 күнге жабылады

"ҚазАвтоЖол" компаниясы 24 қыркүйектен бастап 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 Астана айналма жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

"ҚазАвтоЖол" АҚ елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынатынын хабарлады. 

"ҚазАвтоЖол" компаниясы 24 қыркүйектен бастап 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 Астана айналма жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

«Осыған байланысты Р-10 Астана айналма жолының 46-53 шақырымы аралығында қозғалысқа шектеу қойылады», - делінген компания таратқан хабарламада.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.