Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады. 

Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады. 

Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастамақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.