Жетісу облысында өрт сөндірушілер дүкендегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Жаркент қаласында Н. Головадский көшесі бойындағы дүкендердің бірінде жертөле төбесінің жануы орын алды. Отпен күресуге жіберілген өрт сөндіру есептобының жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді, - делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері қауіпсіз жерге көлемі 50 және 25 литрлік 2 тұрмыстық газ баллонын шығарды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.