Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр.

Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды.

– 2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде, – делінген хабарламада.