Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы жаңадан тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.