Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бүгіннен бастап алдағы үш тәулікте күн -7 градусқа дейін суытады. Жаңбыр соңы қарға ұласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» болжамынша, елдің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Ауа температурасы түнде 2- 7 градусқа дейін төмендемек. Қалған аумақта солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді.
Сондай-ақ қолайсыз ауа райы салдарынан 12 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы.