«Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар!» – Дина Төлепберген

Сөзінше, ол 28 жасында отбасын құрған.

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!", – деп жазды Дина Төлепберген. 

Дина Төлепбергеннің жаңа жобасының алғашқы қонағы Құралай Анарбекова болған. 

"Құралай да "Құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді" дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өздерінен бастауы керек. Таяуда авторлық жобам жарыққа шығады. Din Dina Show – әйелдер үшін.
Қонағымыз Құралай Анарбекова", – дейді ол.