Мемлекет басшысы Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

– Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды, – делінген хабарламада.