Талдықорған тұрғынының көлігінен 20 миллион теңгенің есірткісі табылды

Жетісу облысы полициясы «Toyota Yaris» автокөлігін тексеріп, 2 мың доза синтетикалық есірткі тауып алған.

Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны көлігімен бір келі мефедронды таратқан, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Жетісу облысы полициясы «Toyota Yaris» автокөлігін тексеріп, 2 мың доза синтетикалық есірткі тауып алған. Есірткінің нарықтғы құны 20 миллион теңгеге бағаланады.

«Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.