19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Қызылорда спортының түлегі қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (154+190) бағындырды.
Айта кетелік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.