Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бұған дейін Зарина Диас кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.