Әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жақында әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділетке ұқсайтын жігіттің сүйіктісіне ұсыныс жасаған видеосы жарияланған болатын. Осыны көрген жұрт әншіні құттықтап жатыр екен. Алайда Сәкен Майғазиев видеодағы жігіт өзінің ұлы емес екенін айтты. Өнер иесі бейнежазбадағы жігіт ұлына қатты ұқсайтынына таңданысын жасырмаған.
"Әділет үйленді ме?", "Ұлыңыз келініңізге ұсыныс жасады ма?" деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл бейнебаяндағы бала менің ұлым емес, Әділетке ұқсайтын жігіт екен. Қандай ұқсастық", – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.