Сотталушының анасы келіні тоғыз ай бойы төркінінде жатып, балалардан бір хабар алмағанын айтты, – деп хабарлайды КТК. Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел бала-шағасынан бас тартқан. Бұл туралы сотталушының анасы айтты. Оның сөзіне қарағанда, баласының қатігез әрекетке баруына осы жайт себеп болған.
«Мен баладан да, күйеуімнен де бас тартамын, бармаймын», – деді. Соңы осылай болды. Ауылдың бәрі біледі. Мен алты баланы бағып отырдым. Келін балалардан тоғыз ай бойы бір хабар алмады», – деді сотталушы Сапарбек Өмірбековтің анасы Жадыра Төлемісова.Оның айтуынша, баласы үйге алып келейін деп келіннің артынан барса, не өзі қайтпай, әке-шешесі де жібермеген. Содан сотталушы қатты күйзелген көрінеді. Бірақ марқұм әйелдің шешесі қызы тұрмысқа шыққаннан бері таяқтан көз ашпағанын айтады. Қылқындырып өлтірмек болды деп айтып отыр. Айта кетейік, оқиға былтыр 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында болған. Денесін күйік шалып, ауыр халде жол бойында жатқан әйелді сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Бірақ әйел сол күйіктен ақыры жан тапсырды. Ал 43 жастағы күйеуі 15 жылға сотталуы мүмкін.